Сенбі, 27 шiлде, 09:20

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Халық қаһарманы Хон Бом Доның мемориалдық кешенінің ашылу салтанаты өтті

03.11.2023

202

0

memorial

Қызылордада 3 қарашада Корея елінің халық қаһарманы Хон Бом Доның мемориалдық кешенінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов, Корея Республикасының патриоттар және ардагерлер жөніндегі министрі Юн Джон Джин, Корея Республикасы Парламентінің Депутаты, Қазақстан – Корея Парламентаралық достық қауымдастығының төрағасы, Генерал Хон Бом До атындағы бірлестіктің төрағасы У Вон Сик, Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Пак Нэ Чхон, Қазақстан Корейлер қауымдастығының төрағасы Юрий Шин бастаған делегация, өңірлік корей эмб белсенділері, корей халқы батырларының ұрпақтары және БАҚ өкілдері қатысты.

Халық қаһарманы Хон Бом Доның 155 жылдығына орай қайта жаңғыртылған мемориалдық кешеннің ашылу сәтінде облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов сөз алып, қос ел арасындағы достық, ынтымақтастық қатынастар қарқынды дамып келе жатқандығын айтып өтті.

Баршаңызды қайта жаңғыртудан өткен Корей халқының батыры Хон Бом Доның мемориалдық кешенінің ашылуымен құттықтаймын!

Кореяның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен және өмірінің соңғы жылдарын біздің өңірде өткізген Ұлттық қаһарман Хон Бом До және ағартушы Ге Бон Удың орындары Сыр өңірі тарихында алар орны ерекше. Ағымдағы жылдың мамыр айында Қызылорда облысының делегациясының Корея Республикасына арнайы жұмыс сапар барысында Кореяның басты ауылшаруашылық аймағы ретінде танылған Чоллабук-до провинциясымен екі жақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, ғылыми-өндірістік кешендердің жұмысы таныстырылды. Сеул Ұлттық ғылыми-техникалық университеті Президентімен кездесу өтіп, білім және ғылым саласында тиімді байланыстар орнатылды. Өзара келісімдерге сәйкес Қызылорда қаласында Қорқыт ата университетінің базасында жасанды интеллект мектебі құру мәселесі мақұлданды. Бұл әріптестік – инновациялық технологияларды дамытуға, озық тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз, — деді.

Салтанатты шарада Корея Республикасының патриоттар және ардагерлер жөніндегі министрі Юн Джон Джин, Корея Республикасы Парламентінің Депутаты, Қазақстан – Корея Парламентаралық достық қауымдастығының төрағасы, Генерал Хон Бом До атындағы бірлестіктің төрағасы У Вон Сик, Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Пак Нэ Чхон, Қазақстан Корейлер қауымдастығының төрағасы Юрий Шин сөз сөйлеп, осындай игі шараға қолдау білдірген облыс басшылығына және өңірлік Корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Денис Пакке алғыс білдірді.

Корея Республикасы Парламентінің Депутаты У Вон Сик:

30 жыл ішінде Қазақстан мен Корея мемлекеттері қарым-қатынасының жақсаруы, нығаюы барысындағы өте маңызды кезең болды. Екі елдің ынтымақтастық байланысы әлі күнге дейін бүгін бастау алғандай достық қарым-қатынаста жалғасып келеді. Бүгінде осы екі ел арасында экономика және мәдениет саласы қарқынды дамып келеді. Мәдениет, білім, ғылым саласында біздің мемлекеттеріміздің арасында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Халық арасындағы ауысым, яғни Корей мәдениетіне қызығушылық танытатын қазақтар немесе Қазақстанның мәдениетіне қызығушылығы артып қазақ еліне келіп жатқан корейлер артып келеді. Алдағы уақытта бірлескен мазмұнды шаралар көптеп ұйымдастырылатын болады. Қазақстан мен Корея арасындағы саяси яки достық қарым-қатынас одан әрі арта түсетініне сенімім мол, — деді.

Мемориалдық кешеннің ашылу салтанатына келген жұрттың барлығы Корей елі батырыларының құрметіне гүл шоқтарын қойды.

Игі шара делегация өкілдерінің тал егу рәсімімен қорытындыланды.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика