Жұма, 19 сәуiр, 15:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гүлшара Әбдіқалықованың қызылордалықтарға арналған үндеуі жарияланды

05.01.2022

283

0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты аймақ тұрғындарына үндеуі жарияланды.

Қымбатты жерлестер! Соңғы күндердегі ахуал бәрімізді бей-жай қалдырып отырған жоқ.

Бүгін Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізді, қосымша бірқатар тапсырмалар берді:

  1. Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге енгізу;

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу;

3. Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;

4. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;

5. Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру.

Іштен және сырттан болған сан түрлі ақпаратқа сеніп, еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың арандатушылығына ермей, парасатпен, ақылмен шешім қабылдауға шақырамын.

Елдің әрбір азаматы заңды сақтауы тиіс!

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал түгел біздің бақылауымызда тұр, заң аясында барлық өтініштер мен талаптар ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданады.

Барлық мәселе бейбітшілік форматта шешілуі керек.

Жастар, жарқын болашағымызды, жақындарымыздың амандығын ойлайық!

Сыр елі – қалың қазақтың қаймағы бұзылмаған, ауызбіршілікті сақтаған берекелі ордасы!

«Алтау араз болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер», – деген халықпыз.

Елдің тыныштығын, бірлігімізді сақтайық, ардақты ағайын!

Тағы да оқыңыз: