Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:10

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы ұшырылады

22.05.2023

140

0

Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс МС-23» ғарыштық жүк көлігін Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұшыруға дайындықтың соңғы кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 21 мамыр күні «Прогресс МС-23» жүк кемесі бар «Союз-2.1а» ғарыштық мақсаттағы зымыран монтаждау-сынақ корпусынан шығарылып, Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңының ұшыру кешеніне теміржол көлігімен жеткізілді және орнатылды.

Роскосмостың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, зымыран тік күйінде орнатылғаннан кейін ресейлік ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшыруға дайындықты жалғастырды.

«Прогресс МС-23» жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2023 жылғы 24 мамырда, Астана уақытымен сағат 18 сағат 56 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

«Прогресс МС-23» ғарыштық жүк көлігі ХҒС-қа станцияның жұмысы мен онда жұмыс істейтін ғарышкерлердің өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті 2,5 тоннадан астам жүкті жеткізуі тиіс.

Қазіргі кезде Халықаралық ғарыш станциясында 69-шы ұзақмерзімді экспедицияның экипажы жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Прокопьев (ХҒС-69 командирі), Дмитрий Петелин және Андрей Федяев, NASA астронавттары Франсиско Рубио, Стивен Боуэн, Уоррен Хобург және БАӘ астронавты Сұлтан әл-Нейади бар.

Тағы да оқыңыз: