Сенбі, 02 қараша, 11:24

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

18.11.2023

208

0

memorandum

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен кездесіп, әлем елдерінің алаңдаушылығын туғызған Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастықтың мақсаты – Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты  Жолдауындағы тапсырмасын орындау.  Оның аясында Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 1,1 миллион гектар аумаққа фитомелиоративтік жұмыстарды сапалы жүргізу.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылғы  15 мамырдағы Қауіпсіздік Кеңесі отырысында облыс әкімдіктерімен бірлесіп, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының жаңасын салу және жұмыс істеп тұрғандарының қуатын кеңейтуді тапсырғаны белгілі. Сондай-ақ, оларды экологиялық және санитариялық нормаларға сәйкестендіруде, коммуналдық қалдықтарды басқару бағытында атқарылатын жұмыс ауқымды.

Ынтымақтастықтың басым бағыттары Арал теңізіндегі фитоорманмелиоративтік жұмыстарды күшейту, елді мекендерді көгалдандыруға қажетті  саялы және жеміс ағаш көшеттерін өсіретін тұрақты тұқымбақ ашу, мемлекеттiк орман қоры аумағында өрт сөндіру станцияларын салу, орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту болмақ. Сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды басқаруға қатысты инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың негізгі шарттарын әзірлеп, оны әрі қарай жетілдіру ойластырылған. Қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, сұрыптауға, кәдеге жаратуға дайындайтын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Мұнан бөлек, пилоттық жобаны Қызылорда облысында жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылмақ.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика