Жексенбі, 19 мамыр, 04:49

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аманжол Оңғарбаев: Өрескел заң бұзушылықтарға жол бермеуіміз керек

07.03.2024

291

0

Аманжол Оңғарбаев: Өрескел заң бұзушылықтарға жол бермеуіміз керек

Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңейтілген комиссия отырысы өтті.

Онда денсаулық сақтау және білім саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алу мәселелері қаралды.

Жиынға комиссия мүшелері, ардагерлер, аудандық мәслихаттың депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім және білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен сала қызметкерлері, есепшілері, жеке кәсіпкерлер қатысты.

 Аудан басшысы халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік орган қызметкерлері міндетін адал атқаруы керегін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде, «Қоғамның басты талабының бірі — әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жолдағы ең үлкен кедергі сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. «Жемқорлық – індет, онымен күресу — міндет» деген қағиданы жұрт санасына орнықтыру — барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы. Бұған бір реттік науқан ретінде қарамау керек. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз. Біздің түпкі мақсатымыз — сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру» екендігін айтқан болатын. Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жымқыру, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан жасырып қалу секілді мемлекет ұстанымына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау, оларды іске асыру қоғамның барлық салаларын да қамтуы тиіс, әсіресе білім беру мен денсаулық саласы мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Әлеуметтік салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алып, өрескел заң бұзушылықтарға жол бермеуіміз керек. Шын мәнінде, денсаулық сақтау мен білім беру саласы – ең ауқымды салалар. Жыл сайын білім, денсаулық салаларына әлеуметтік блок ретінде едәуір қаржы бөлінеді. Дегенмен, қоғамда білім беру саласында және медициналық қызмет алуға қатысты сын-ескертпелер аз емес. Екі салада да сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары болғандықтан, заң бұзушылықтарға жол бермеу тұрақты қадағалануы тиіс» — деді, А.Сақыпұлы.

Аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Б. Қуанышбаев аудандық медициналық мекемелерге жүргізген ішкі талдау нәтижелерін таныстырып, сыбайлас жемқорлықпен күресу және тәуекелдерге жол бермеу мақсатында жүргізілген шараларға тоқталды. Келесі кезекте, аудан бойынша білім бөлімінің басшысы С. Жанназарова аудан бойынша білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстарын баяндады.

Жиын барысында анықталған кемшіліктер талқыланып, оларды жою қадамдары белгіленді.

Комиссия отырысын қорытындылай келе, аудан басшысы әрбір тұрғын сапалы медициналық көмек алып, мемлекет ұсынған игілікті пайдалануы керек екенін атап өтті. Сонымен бірге, денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыс сапасын арттыру мақсатында талдау жасап, заңға сәйкес бірінші басшыларды ротациялау, кадр тапшылығын шешу мақсатында еліміздегі жоғары оқу орындарын тәмамдаған білімді студенттерді ауданға қызметке шақыруды үйлестіру және еңбек тәртібінің қатаң сақталуын қадағалау тапсырылды.

Сондай-ақ, білім бөліміне қарасты барлық мекемелерде қаржылық бұзушылықтарды анықтау және оларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдау, бюджеттен бөлінген әрбір қаражаттың мақсатты, тиімді жұмсалуы және уақытылы игерілуі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімінде орындалуын қатаң бақылауға алынуын тапсырды.

429801444_3748188895509469_7022153055589505814_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: