Сенбі, 27 сәуiр, 11:59

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада денсаулық сақтау ұйымдарына санитарлық автокөліктер сатып алынады

29.03.2024

195

0

Қызылордада денсаулық сақтау ұйымдарына санитарлық автокөліктер сатып алынады
Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті ХХІІ сессиясы өтті. Күн тәртібінде 11 мәселе қаралды. 2024 жылға арналған облыстық бюджет нақтыланып, депутаттардың назарына ұсынылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы денсаулық сақтау ұйымдарының санитарлық автокөліктерін жаңарту өзекті мәселенің бірі екенін айтты.

«Әкімдердің халықпен кездесулерінде тұрғындар көтеретін негізгі мәселенің бірі – облыстық және аудандық денсаулық сақтау ұйымдарын санитарлық автокөліктермен қамтамасыз ету. Бұл түйткілді өздеріңіз де бірнеше рет депутат мінберінен көтеріп келесіздер. Тұрғындардың сұранысына сәйкес былтыр облыстық бюджеттен 512,5 млн. теңге бөлініп, 25 санитарлық автокөлік сатып алынды. Дегенмен, бұл саладағы көліктердің 68,4 пайызының тозығы жеткен. Автокөлік паркін жаңарту үшін 200 санитарлық автокөлікті алудың бастапқы жұмыстарына 100 млн.теңге бағытталуда», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Облыстық мәслихат депутаттары көтерілген мәселенің маңыздылығын ескеріп, қолдау білдірді.

Сессияда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төралиев, облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбәраков, облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев, облыстық мәслихат депутаты Балжан Шәменова, облыстық мәслихаттың төрағасы Наурызбай Байқадамов баяндама жасады.

434317003_717805410540706_5485726523906341300_n.jpg
434301256_717805743874006_5789380930576306178_n.jpg
434195873_717805753874005_6329429206707767609_n.jpg
434167173_717805620540685_8348849371123968027_n.jpg
434160136_717805773874003_7646349767575681954_n.jpg
434153711_717805810540666_5599343686526060273_n.jpg
432788284_717805877207326_6894679986892159152_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз: