Сенбі, 27 шiлде, 08:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

TechnoWomen Kyzylorda: Keys to succeed тақырыбында аймақтық форум өтті

23.05.2024

131

0

TechnoWomen Kyzylorda: Keys to succeed тақырыбында аймақтық форум өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында TECHNOWOMEN KYZYLORDA: KEYS TO SUCCEED атты аймақтық форум өтті. Форумды «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы, кәсіпкерлік пен бизнес-ортаны дамыту жөніндегі USAID жобасы аясында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия және ҚР Ғылым және жоғары білім, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірігіп ұйымдастырды.

Іс-шара әйелдерді технологиялық индустрияларға тартуға, әйел кәсіпкерлерді цифрлық трансформация және электрондық коммерция, сондай-ақ, стартап-қозғалыс мәселелері бойынша ақпараттандыруға бағытталған шабыттандыратын шеберлік сыныптары мен білім беру тренингтерін ұйымдастыру мақсатын көздейді.

Форумның кіріспе сөзін сөйлеген «TechnoWomen» ұйымының Басқарма төрағасы, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының негізін қалаушы Азиза Шужеева:

 «Бүгін біз жаңа мүмкіндіктер, жаңа иновациялар мен технологиялар туралы айтатын боламыз. Форумға қатысушы әйелдер қауымына қорықпай іс бастауға, жаңа идеяларды ортаға қою жолында белсенді болуға шақырамыз» — деді. 

Одан әрі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Абдрашева Дана форумға қатысушылар мен спикерлерге келгендері үшін рақмет айтып, оқу орнының IT саласындағы базалық мүмкіндіктерін ауқымды баяндап берді.

Спикерлер қатарынан орын алған Сеул Ұлттық Ғылым және технология университетінің профессоры, LUPIC жобасының директоры Джесу Ким жастарға арналған жасанды интеллект туралы ақпарат беріп өтсе, «MacDent» ЖШС IT-компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Мақпал Оразқызы табысты стартаптың құру жолдарын түсіндірді.

Өз кезегінде сөз алған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті әйелдер көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығының басшысы Гүлзира Бекқалиеваның баяндамасы әйелдердің көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталды.

Сондай-ақ, «TechnoWomen» ұйымының Басқарма мүшелері Бикеш Құрманғалиева жасанды интеллект саласының болашақ мамандықтарына шолу жүргізсе, Алуа Көрпебаева бизнес бастауға қажетті қадамдарды мысалдармен түсіндірді. Аталмыш ұйымның мүшесі, «FORTENUR CONSULTING» негізін қалаушы-Нұргүл Бексұлтанова қаржылық сауаттылық жайлы кеңес берді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмұрзаев пен Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының басшысы ЖанарысТубекбаев та спикерлер қатарынан табылып, қызықты да пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Форумда танымдық ақпарат, қажетті кеңестермен қатар, қатысушылар арасында сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, сыйлық таратылды.

445483302_993045099231689_6401135828775333461_n.jpg
445235045_993044999231699_6994113504939277440_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика