Сенбі, 27 шiлде, 09:35

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда: WRO-2024 роботехника олимпиадасының қалалық кезеңі аяқталды

30.05.2024

185

0

Қызылорда: WRO-2024 роботехника олимпиадасының қалалық кезеңі аяқталды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дүниежүзілік WRO-2024 робототехникадан олимпиадасының аймақтық кезеңі аяқталды. Сайыс «Жердегі одақтастар» тақырыбына арналды. Жас роботқұрастырушылар табиғатпен үйлесімді өмір суруге және экологияны жақсартуға көмектесетін өз өнертабыстарын таныстырды. 

Ақай ауылының №99 орта мектебінен келген Ердәулет пен Нұрзерек — олимпиаданың ең кішкентай қатысушылары. Робототехникаға деген қызығушылықтары бір жыл бұрын басталды және мұндай сайыстарға алғаш рет қатысып отыр.

– Біз көлік құрастырып жатырмыз. Бұл көлік кедергілерден өту, заттарды бір нүктеден екінші нүктеге қозғалту секілді әрекеттерді орындауы тиіс. Автоматты құрылғыларды жасау өзіме қатты ұнайды. Робототехника біздің логикалық ойлау қабілетімізді арттырады, – дейді 2-сынып оқушысы Нұрзерек Нұрадинов.

Ал Эльдар мен Мақсат құрастырған роботтары табиғи су ағындарын қоқыспен ластануы және халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмектеседі.

– Біздің жобамыз «Second Life» деп аталады. Өзең-көлдер мен су қоймаларындағы қоқыстарды сұрыптап, оларды арнайы фабрикаларға жібереді. Cұрыпталған қоқыстардф қайта өндеп, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасалынады, – дейді №277 мектеп-лицейінің оқушысы Мақсат Жетенов.

Облыс бойынша жалпы білім беретін мектептерден барлығы 50-ге жуық команда қатысты.

– Бұл сайыстың негізгі үйлестірушісі – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы. Жыл сайын қатысушылардың саны артып келеді және оқушылардың жасаған роботтары ерекше. Бүгінгі аймақтық кезең жеңімпаздары тамыз айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады, – дейді ұйымдастырушы, NIS-тің информатика пәнінің мұғалімі Серік Ахметов.

Сайыс қорытындысы бойынша «RoboMission» категориясында – Б.Шалғынбаев атындағы №217 ІТ-мектеп-лицейі мен Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Future Innovators» категориясында – Zyiatker инновациялық мектебі мен NIS, «RoboSports» категориясында – зияткерлік мектеп оқушылары І орынды жеңіп алды. Жеңімпаз командалар республикалық кезеңде облыс намысын қорғап, әлемдік додаға қатысатын Қазақстан құрамасы сапында жүлде үшін сайысқа түсетін болады.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика