Сенбі, 27 шiлде, 08:05

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ерекше кәсіп: Қызылордада Zeket Hub орталығы ашылды

11.03.2024

282

0

Қызылордада Zeket Hub орталығы ашылды

Қызылордада ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорына қарасты Zeket Hub орталығы ашылды. Игі шараға Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы, Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы бастаған дін қызметкерлері қатысты.

Орталықтың негізгі қызметі жұмыссыз немесе жаңа кәсіп үйренгісі келетін қыз-келіншектерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тігін, кілт жасауды үйрету курстарын ұйымдастыру болып табылады.

Сонымен қатар ашылу рәсімінен соң Zeket Hub орталығы мен облыстық Отбасыны қорғау орталығы өзара меморандумға отырды.

Алдағы уақытта осы меморандум аясында жаңа мамандық меңгерген сырбойылықтардың мемлекеттік грантқа қатысып, кәсіп бастап кетуілеріне толықтай көмек көрсетілетін болады.

FB_IMG_1710052360825.jpg
FB_IMG_1710052376259.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика