Сәрсенбі, 17 тамыз, 06:07

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада құтқарушылар арасында республикалық жарыс өтіп жатыр

04.08.2022

112

0

Кеше «Қызылорда-2022» – Қазақстан Республикасының өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХVІІІ және әйелдер арасындағы VІІІ жазғы чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда Өрт сөндіру-құтқару спортынан өтетін «Қызылорда-2022» жазғы чемпионаттың ашылу салтанаты болып өтті. Салтанатты шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Онан соң «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дәурен Данаев, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаев сөз алды.

​Жалпы чемпионатқа 18 ерлер командасы, 14 әйелдер командасы қатысуда. Сайысқа 289 спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде 184 ер адам, 105 әйел адам бақ сынауда. Ең жас чемпионаттың қатысушысы Батыс Қазақстан облысының спортшысы Елена Юлаева 2010 жылы туған. Ал, ең ересек қатысушысы Павлодар облысынан Александр Долголевец 1973 жылы туған.

​Осы күні чемпионаттың алғашқы кезеңі өтті. ​Әйелдер арасындағы 100 метрлік кедергіге жүгіруден жарыстың қорытындысы шықты. Жалпы командалық есеп бойынша Нұр-Сұлтан қаласы 1 орын, Ақмола облысы 2 орын, Түркістан облысы 3 орынды иемденді. Жеке есеп бойынша 1 орынды Қостанай облысынан Айнұр Бажева, 2 орынды Түркістан облысынан Айдана Тұрсын, 3 орынды Алматы қаласынан Оксана Дзолба иеленіп, ол мәреге 16,60 секундта келіп республика бойынша рекордты жаңартты.

​Ерлер арасындағы 100 метрлік кедергіге жүгіруден Нұр-Сұлтан қаласынан келген Петр Подгородецкий 1 орынды, Қарағанды облысының атынан қатысқан Бауыржан Текенов 2 орынды, Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаушы Ержан Шәріпханов 3 орынның иегері атанды. Ерлер арасында үздік нәтиже көрсеткен Ержан Шәріпханов мәреге 15:50-де жетті.

​Аталған жазғы чемпионаттың этаптары 6-тамызға дейін өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: