Дүйсенбі, 25 қыркүйек, 15:15

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысында адам құқықтары жөніндегі өкіл тағайындалды

01.11.2022

112

0

 Қызылорда облысында Дәурен Шәріпбаев адам құқықтары жөніндегі өкіл болып тағайындалды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың өкімімен «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заңға сәйкес бірқатар облыстарда, сондай-ақ Астана, Шымкент қалаларында омбудсменнің өкілдері тағайындалды.

Қызылорда облысында 1977 жылы туған Дәурен Шәріпбаев жұмысқа кірісті. ҚазМУ және Азаматтық авиация академиясын бітірген. Прокуратура органдарында, сот жүйесінде, адвокатурада, нотариатта және квазимемлекеттік секторда жұмыс тәжірибесі бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: