Сенбі, 13 шiлде, 01:18

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада қабылдау комиссиясының жұмысы басталды

21.06.2024

98

0

2024 жылдың 20 маусымынан бастап Қорқыт Ата Атындағы Қызылорда университетінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Университет бакалавриаттың 58,  магистатураның 32 және  докторантураның 13 білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау жүргізеді.

Талапкерлерді оқуға қабылдау бірнеше кезеңдерді қамтиды, атап айтқанда:

Баклавриат бойынша 20 маусым — 7 шілде аралығында шығармашылық дайындықты талап ететін білімнің білім беру бағдарламалары топтарына білім беру гранты конкурсына қатысушылардан шығармашылық емтиханға құжаттар қабылданып, 8-12 шілде аралығында шығармашылық емтихандар өткізіледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білімнің білім беру бағдарламалары топтарына ақылы негізде оқуға түсуші талапкерлерден 20 маусым — 10 тамыз аралығында құжаттар қабылданып, 10-15 тамыз аралығында шығармашылық емтихандар өткізіледі. 

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру гранты конкурсына қатысушылар QR код арқылы арнаулы емтиханды 1 – 12 шілде аралығында, ақылы негізде оқуға түсуші талапкерлер 5 -20 тамыз аралығында тапсыра алады.

Ағымдағы жылдың 13-20 шілде аралығында Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты конкурсына қатысушы талапкерлерден құжаттар қабылданып, Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне тіркеледі.

Магистратураға түсушілер 1 маусымнан бастап Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы кешенді тестілеуге өтініштер қабылдануда, ол 8 шілдеге дейін жалғасады.

20 шілде – 10 тамыз аралығында тестілеу орталықтарында кешенді тест тапсырып, білім беру гранты конкурсына қатыса алады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім негізінде қысқартылған оқыту мерзіміне ақылы негізде қабылдау үшін өткізілетін түсу (әңгімелесу) емтиханы 20 маусым – 25 тамыз аралығында болады.

Докторантураға түсушілерден 3 шілде — 3 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш қабылдау жүргізіледі, 4-20 тамыз аралығында қабылдау емтихандары өтеді.

Университетте білім алушыларды оқуға қабылдауға барлық жағдайлар жасалған, қабылдау барысында автоматтандыру цифрландыру жұмыстарына көңіл бөлінуде.

Барлық талапкерлерді Қорқыт ата атындағы Қызылорда универсиетінің қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ https://www.talapker-korkyt.kz және instagram @talapker_korkyt парақшасы арқылы қосымша ақпарат ала алады.

А.Текебай

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика