Жексенбі, 15 желтоқсан, 00:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Вашингтонда Арал теңізінің мәселесі талқыланды

20.12.2023

377

0

Aral_maselesi_Washingtonda
Фото: Рустем Кожыбаев/Kazinform

Джордж Вашингтон университетінде Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігімен бірлесіп «Орталық Азияның Арал теңізі: бүгінгі климаттық дағдарыстан сабақ» тақырыбында пікірталас өтті, деп хабарлайды Kazinform.

Жиын модераторы Себастьян Пейруз бұл тек Орталық Азия үшін ғана емес, дүниежүзілік қауымдастық үшін де өте маңызды тақырып екенін атап өтті, өйткені бүкіл әлемде, соның ішінде АҚШ-та су қоймалары құрғап жатыр.

Адамзат қазірдің өзінде климат өзгерісі және жаһандық су тапшылығы қаупімен бетпе-бет келіп отыр.

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің елші-кеңесшісі Рауан Тілеулин Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері климаттың өзгеруіне және сумен байланысты проблемаларға айтарлықтай көңіл бөліп келе жатқанын атап өтті.

себастьян пейруз
Фото: Рустем Кожыбаев/Kazinform

Қазақстан Париж келісімін ратификациялап, 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығы стратегиясын қабылдады. Дубайда өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (COP 28) Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорды қолдаудың және 2026 жылы БҰҰ қамқорлығымен аймақтық климаттық саммитті өткізудің маңыздылығын айтты.

Қазақстандық дипломат экологиялық проблемаларды шешу және суға қолжетімділікті жақсарту мақсатында келесі қадам ретінде Қазақстан мен Америка арасында Арал мәселесі бойынша мақсаттық топ құруды ұсынды.

Мэриленд университетінің профессоры Сара Кэмерон су мәселесіне жаһан назарын аудару үшін Арал теңізі туралы кітаппен жұмыс істеп жатқанын айтты.

Сара Кэмерон
Фото: Рустем Кожыбаев/Kazinform

Сарапшы АҚШ та Арал теңізіне ұқсас Ұлы Тұзды көл, Мид көлі және Тұзды теңіз сияқты су айдындарының тартылу проблемасымен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті.

Картада анық көрсетілгендей, осындай су проблемалары бүкіл әлемде кездеседі.

проблемы водных ресурсов в США
Фото: Рустем Кожыбаев/Kazinform

С.Кэмерон су ресурстары бойынша шекаралас елдердің аймақтық ынтымақтастығы қажет екенін айтады.

Сондай-ақ судың қайда кетіп жатқанын және оны қалай қалпына келтіруге болатынын түсіну үшін гидрологтар мен геологтар қажет.

«Second Floor Strategies» консалтинг фирмасының президенті Уайлдер Алехандро Санчес АҚШ пен Орталық Азия арасындағы экологиялық мәселелер, су қауіпсіздігі және климаттың өзгеруі бойынша тұрақты өзара іс-қимыл үшін қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясында қол қойылған Нью-Йорк декларациясы аясындағы «С5+1» жобасы бар екенін атап өтті.

проблему водных ресурсов обсудили в Вашингтоне
Фото: Рустем Кожыбаев/Kazinform

Халықаралық Аралды құтқару қоры атқарушы кеңесі директорының міндетін атқарушы Зәуреш Әлімбетова Орталық Азия елдері арасындағы өзара іс-қимыл алаңы қызметін атқаратын ХАҚҚ-ның құрылғанына биыл 30 жыл толатынын айтты.

Халықтың тұрмысын жақсартуды көздейтін 2030 жылға дейінгі «Арал теңізі бассейнінің бағдарламасына» сәйкес Қазақстанда өңірді қалпына келтіру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. 

Қатысушылар су мәселесінің шешімін табу үшін әлем елдерін алаңдатқан су қоймаларының тайыздану мәселесін талқылап, әлемдік қауымдастықтың назарын аудару қажет деп санайды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика