Сейсенбі, 29 қараша, 22:12

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алады?

02.02.2022

124

0

Kyzylorda-news.kz. Халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грантқа түсе алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді.

Дарынды балаларды қолдау өте маңызды. Президенттің тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грант алу мәселесі қарастырылып отыр, — деді министр.

Сондай-ақ олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына арнайы сыйақы беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: