Жексенбі, 24 қараша, 18:15

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысы шағын және орта кәсіпкерліктің өнім шығарылымы бойынша алғашқы үштікте

29.10.2024

274

0

yzylorda oblysy sha yn zh ne orta k sipkerlikti nim shy arylymy bojynsha al ash y shtikte 1c5b8e7b87
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде машина жасауды дамыту мәселелері қаралып, өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен саласынан асып, тұрақты өсім көрсеткені айтылды. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты.

Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы арнайы мәжіліс өткізіп, жауапты сала мамандарына шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету мен бюджеттің игерілуі бойынша тапсырмалар жүктеді.

​«Биыл жеке кәсіпкерлердің 3 мыңға жуық жобасына 42 млрд. 500 млн. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Дегенмен, аймақта дара кәсіпкерлер санының өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Әрбір әкім өзі басқаратын елді мекендегі жұмыссыздар санын азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табыс көзін арттыру секілді негізгі шараларға баса назар аударуы керек.

Менің тапсырмаммен жыл басында әлеуметтік көмек алушылар санын 30 пайызға төмендету туралы тиісті басқарманың, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерінің жоспары бекітілді. Шынайы табысын жасырып, жалған ақпарат ұсынып, масылдық оймен көмек алу үшін тұрғындар түрлі әрекеттерге баруда.

Атаулы әлеуметтік көмек тек шын мұқтаж отбасыларға ғана берілуі қажет. Қала және аудан әкімдеріне учаскелік комиссиялардың жұмысын күшейтіп, жыл соңына дейін белгіленген жоспарды орындауды тапсырамын», – деді Н.Нәлібаев.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысымен жастардың кәсіпкерлік бастамасына шағын несие алу бойынша Қызылорда облысы республикада екінші орынды иеленіп, 492 азамат кәсібін бастаған.

Сонымен қатар, Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығының несиелендіру жұмысын жандандырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамытуға 1 млрд. 500 млн. теңге қаржы бөлінді.

Осылайша шағын және орта кәсіпкерліктің өнім шығарылымы 33,6 пайызға ұлғайып, облыс республикадағы алғашқы үштіктен көрінді.Биыл атаулы көмекке 5 млрд. 900 млн. теңге қаржы бөлініп, 9 айдың қорытындысымен 31 869 адамға 2 млрд. 100 млн. теңге төленді.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика