Жексенбі, 24 қараша, 17:07

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Жасыл» энергия көздерінің құрылысын бастау салтанатты рәсімі өтті

25.10.2024

332

0

«Жасыл» энергия көздерінің құрылысын бастау салтанатты рәсімі өтті

Республика күні Ұлттық мерекеміз қарсаңында бүгін Шиелі ауданында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2 «жасыл» энергия көздерінің құрылысын бастау салтанатты рәсімдері өтті. 

Құны 11,5 млрд. теңгені құрайтын «Huadian»компаниясының күн электр станциясы жобасы іске қосылған соң жергілікті тұрғындар үшін 20 жұмыс орны ашылатын болады. Қуаттылығы 33,3 Мвт.

Сондай-ақ, «Uranus Wind» ЖШС-мен құны 16,5 млрд.теңгені құрайтын жел электр станциясын таныстыру салтанатты рәсімі өтті.Қуаттылығы 50 Мвт.

Салтанатты іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев: «Бүгін біз энергетика жүйесін реформалау қарсаңында тұрмыз. Қазіргі таңда облыс аумағында жалпы қуаттылығы 89 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс жасайды, оның ішінде 3-уі ірі шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асырылды.

Облыс орталығында түркиялық «Акса Энерджи» компаниясының қатысуымен 215млрд.теңге құрайтын қуаттылығы 240 мегаваттық заманауи жылу электр орталығының құрылысы жүргізілуде. 

Жаңа жылу электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынатын ең ауқымды, теңдессіз жоба.

Бұл жобалар электр энергиясына деген қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа индустриялық жобаларды іске асыру үшін бос қуаттылықтар құруға мүмкіндік береді» – деп атап өтті.

Сондай-ақ, жоба бастамашылары жұмыстарына сәттілік тілеп, сенім артатынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика