Соңғы уақытта қала көшелері қайта жаңғыртылып, тұрғындар түзу жолмен жүріп-тұруда. Жауапты мамандар жүйелі жоспардың арқасында көшенің сапасын арттырды. Жаяу жүргіншілер жолдарының да жай-күйі жақсарды. Қайта қалпына келтірілген көшелерді жарықтандыру жұмысы да жоспарға сәйкес жүргізілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязов мәлімдеді.
– Е.Көшербаев көшесі қайта жаңғыртылды. Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылына дейінгі жаңадан жол құрылысы салынды. Сондай-ақ, 96 көшеге күрделі және 34 көшеге орташа жол жөндеу және Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылына жаңа жол құрылысын салу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланды. Биылғы жылы 54 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Сондай-ақ жарықтандыру жұмыстарына тиісті қаржы бөлініп, процесс басталды,- деді Серік Салауатұлы.