Дүйсенбі, 25 қараша, 23:41

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Балауса» этно-шатырлы лагері ашылды

03.06.2024

191

0

Қызылордада «Балауса» этно-шатырлы лагері ашылды

Бүгінде ұлттық құндылықтар дегенде ана тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз, әдеби, мәдени бай мұраларымыз – бабадан мирас болып қалған көне жәдігерлеріміз еске түседі.

Аталған асыл мұраларымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – өз ұлтын ұлықтаған әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, ұлттық құндылықтарды ойын-сауық, ұлттық нақыш белгілері арқылы тәрбиелеу мақсатында Н.Ергешбаев атындағы №172 орта мектебінде мектеп жанындағы «Балауса» этно-шатырлы лагерінің ашылу салтанаты болды.

Шара мектеп директоры Мария Шынәліқызының құттықтау сөзімен бастау алып, ән-әуез пәнінің мұғалімі Жеңіскүл Әділбекқызының әннен шашу шашты. Сонымен қатар қазанға «Бауырсақ Пати» пісіріліп, жеті күлшенің қадір қасиеті жайлы мағлұмат беріліп, аспаздар палау пісірді.

Қазақтың қасиетті домбырасымен мектептің «Мереке» домбырашылар ансамблі «»Нәр ағашы» халық күйін нақышына келтіре орындады.

Сондай-ақ шара барысында балаларды ұлттық өнерге баулып, қолөнерін бұйымдарынан көрмелер жасап, ұлттық ойындар ойнатып, ұлттық тағам түрлерінен дәм ауыз тиіп, мағлұматтар берілді.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика