Жексенбі, 24 қараша, 21:11

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Туризм саласын дамыту басты назарда

16.05.2024

225

0

Туризм саласын дамыту басты назарда

Таяуда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте туризмді дамыту мәселесі қаралып, оның маңыздылығын тоқталды. 

Мәжілістен кейінгі жиында Арал ауданы әкімі Аманжол Оңғарбаев берілген тапсырмаларды нақтылады.

Осы ретте, Арал ауданының туризм саласын дамыту бағытында Т. Әлжанов хабарлама жасап, алдағы жоспарларды атап өтті. 

Өз кезегінде аудан басшысы аудан көлеміндегі туристік әлеуетті көтеру бағытындағы жұмыстарға басымдық беру қажеттігін ескертті. 

«Қамыстыбас ауылдық округіндегі «Қамбаш» жағажайының әлеуеті жазғы мезгілде жоғары екендігі белгілі.Облыстық, тіпті республикалық туристік саланы дамытуда алатын орны да ерекше. Жағажайда демалушыларға қолайлы жағдай жасау үшін кәсіпкерлік нысандар талапқа сай заманауи үлгіде салынғаны дұрыс. Демалушы азаматтардың судағы қауіпсіздік шараларын қатаң бақылаңыздар. Оның ішінде балалардың қауіпсіздігіне аса мән берілсін. Сондай-ақ, биылдан бастап Ақирек тауының маңындағы Арыстан баб кесенесін қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алдық. Алғашқы қадамдар жасалды. Киелі мекенді жаңғырту арқылы ауданның туристік әлеуетін көтеру біз үшін мол мүкіндік» — деді, аудан басшысы. 

Мұнымен қоса, аудандағы тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан аумақтарды ретке келтіріп, киелі орындардың көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуді тапсырды.

Жиында өрт шығу қаупі бар кезеңге дайындық жұмыстары да пысықталды. 

Аудан әкімі тиісті сала басшыларына өрт қауіпті кезеңде туындайтын орман, дала өрттерінің және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды жандандыруды, қоғамдық тамақтану орындарындағы сақтық шараларын бағамдап, бақылауға алуды жүктеді.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика