Дүйсенбі, 25 қараша, 00:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев

06.04.2024

266

0

Мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: ҚР Параламентінің Мәжілісі

Мемлекет басшысы тасқын судан зардап шеккен азаматтарға үндеу жолдап, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайтынын айтты. 

 «Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі» — деді Президент.

Мемлекет басшысы сондай-ақ алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығару керектігін сөз етті.

«Жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес. Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет» — деді үндеуінде.

Дереккөз: inform.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика