Дүйсенбі, 25 қараша, 07:29

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордаға қатысты құнды құжат Орынбор архивінен табылды

23.02.2024

334

0

Қызылордаға қатысты құнды құжат Орынбор архивінен табылды

Аманкүл Қапанова облыстық мемлекеттік архивте 2 санатты археограф. Ол тарихи құнды деректерді жариялауда  еңбек етіп келеді.  Архив саласындағы еңбек өтіл – 10 жыл. Тарихи жадыны сақтаушы археограф ретінде құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінде экскурсиялар, лекциялар өткізіп, ашық есік күнін ұйымдастырады. Сонымен қатар архив құжаттарын мәдени-ағарту және насихаттық мақсатта пайдалану барысында мақалалар жариялап, түрлі жобаларды іске асырады. Атап айтар болсақ, «Құжаттар сөйлейді», «Тарих толқынында» айдары, облыстың құрылғанына 85 жыл толуына орай «Туған өлке – тұнған шежіре» атты тарихи-танымдық рубрикалар көптің қызығушылығын оятты.

– Қоғамның бай тарихи шежіресінен сыр шертетін архивтегі әр құжат құнды. Мұндағы әр іс, әр құжат өскелең ұрпаққа шашауы шықпаған күйде жеткізіледі. Құжаттарды сақтайтын қойма талаптарға сай болуы қажет. Қоймаларда күнделікті жинау, тазалық, температуралық режимді бақылау, жарықтан, биобүлінуден сақтау жұмыстары жүзеге асып отырады. Арнайы құралдармен (стеллаждар, шкафтар, қораптар, папкалар) қамтамасыз етіледі. Құжаттар қараңғы жерде сақталады.  Күн сәулесі түспеу қажет. Архив қоймаларында ұзақ мерзімді сақтаудың мынадай температуралық режимі қамтамасыз етіледі: қағаз жеткізгіштердегі құжаттар үшін  температура 17-19 ºС, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50-55% болу керек. Архивке Қазақстанның өзге облыстарынан, сонымен қатар Ресей Ғылым Академиясының қалмақ ғылыми орталығынан, Кореядағы Донгук университетінен, Мэриленд штатының университетінің ғалымдары келіп зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар «Архив-2025» бағдарламасы аясында шетел архивтерінен Орынбор мемлекеттік архивінен Сыр өңірінің тарихына қатысты құнды құжаттардың көшірмелері алынды, – дейді археолог.

Тәжірибелі маманның айтуынша құжаттарды қалпына келтіру жұмыстарына аса көңіл бөлінеді. Архив құжаттарын пайдалануда құжаттардың физикалық жай-күйі жоғалады, мәтін өшеді. Сондықтан оларды  қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар архивтік құжат түпнұсқаларына реставрация жасалады. «Қоғамның бай тарихи шежіресінен сыр шертетін архивтегі әр құжат құнды. Мұндағы әр іс, әр құжат өскелең ұрпаққа шашауы шықпаған күйде жеткізіледі. Құжаттарды сақтайтын қойма талаптарға сай болуы қажет. Қоймаларда күнделікті жинау, тазалық, температуралық режимді бақылау, жарықтан, биобүлінуден сақтау жұмыстары жүзеге асып отырады. Арнайы құралдармен (стеллаждар, шкафтар, қораптар, папкалар) қамтамасыз етіледі. Құжаттар қараңғы жерде сақталады.  Күн сәулесі түспеу қажет. Архив қоймаларында ұзақ мерзімді сақтаудың мынадай температуралық режимі қамтамасыз етіледі: қағаз жеткізгіштердегі құжаттар үшін  температура 17-19 ºС, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50-55 % болу керек», – дейді ол.

Архив – мемлекеттің кешегі және бүгінгі тарихының сақтаушысы. Ұрпақтар ауысса да, архив құжаттары қалады. Ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай қорғап, сол қалпында ұстап отыру  – архив қызметкерлерінің қасиетті борышы. «Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің негізгі қызметтік бағыттарына жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық сипаттағы және тақырыптық сұраныстарын орындау кіреді. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін бұл мемлекеттік қызметке дәстүрлі түрдегі еңбек өтілі, жалақы мөлшері, зейнетақы жарналарының аударылуы, білімі және т.б. сұраныстары жатады. Өтініштерді қабылдау және архивтік анықтамаларды беру мемлекеттік архив кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб порталы арқылы жүзеге асады. Көрсетілетін қызметті берушіге құжат тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесі 11 жұмыс күні ішінде беріледі», – дейді Аманкүл Қапанова.  

Мөлдір САБЫРЖАН

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика