Жексенбі, 24 қараша, 02:02

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада креативті кәсіпкерлерге арналған сауда көрмесі ашылды

20.02.2024

511

0

Қызылордада креативті кәсіпкерлерге арналған сауда көрмесі ашылды

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бастамасымен «Анаға тағзым» орталығының ұйымдастыруымен «Брендке бір қадам…» атты креативті кәсіпкерлерге арналған сауда көрмесі ашылды. Аталған бастама өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Жобаның басты мақсаты – креативті кәсіпкерлердің кластерін қалыптастырып, олардың өз қолдарынан шыққан өнімдерді коммерцияландыруға мүмкіндік жасау.

Сауда көрмесінде ұлттық нақыштағы киім, этно стильдегі бұйымдар мен кәдесыйлар ұсынылды.

Аталған шара барысында басқарма басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов кәсіпкерлердің тауарын пайдаланушыға жеткізуге қолдау көрсетілетінін айтып, сәттілік тіледі.

Сондай-ақ,облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының өкілдері мен өңірімізге белгілі кәсіпкерлер қаржылық сауаттылық, бизнесті бастау және дамыту бағытында арнайы тренингтер мен шеберлік сағаттарын өткізуде.

Айта кетейік, сауда көрмесі 19-23 ақпан, яғни апта бойы «Анаға тағзым» орталығында ұйымдастырылады.

428320319_3562107134042768_2504957401652178460_n.jpg
428473441_3562107637376051_7881492740059558862_n.jpg
428469729_3562107620709386_635393938534781187_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика