Дүйсенбі, 25 қараша, 14:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада жаяу жүргіншілер жолағында өзгеріс пайда болды

24.01.2024

292

0

Қызылордада жаяу жүргіншілер жолағында өзгеріс пайда болды
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда қаласында жол апатын азайту мақсатында проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі салынды, — деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі.


Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өткен жыл төңірегінде 59 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза болған. 60 адам жарақаттанған.


Жауапсыз шопыр жаудан жаман демекші, жауапсыздардың жайын қалалық әкімдік ескеріпті. Енді алыстағы алты жасар баланы қиындықсыз көруге болады. Себебі өткелде жарықшамдар  жағулы тұр.


Дегенмен, жаңашылдық қаланың барлық аумағын қамтымайды. Әзірге адам аяғы арылмайтын көшелерге орнатылған.


— Мердігер –  «Али проект констракшн» ЖШС. Қала бойынша 40 дана деп белгіленді. Бірақ әр көшенің еніне қарай қойып жатырмыз. Әсіресе, мектеп, балабақша, әлеуметтік нысан бар аумаққа назар аударылуда. Сондай-ақ, кешкі уақытта қозғалыс көп аймақтар қамтылады, — деді қалалық түрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Дархан Бақтияров.

 

Азамат АБИМОЛДА

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика