Қызылорда облысына қарасты Арал қаласы мен Қазалы ауданының аралығында жол жабық. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы хабарлады.
«19 желтоқсаннан бастап Қызылорда облысы ауа-райының қолайсыздығына байланысты (тайғақ) республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1361-1474 шақырым аралығына (Арал ауданы орталығынан, Қазалы ауданына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды», — делінген хабарламада.