Сейсенбі, 26 қараша, 00:41

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Елордадағы Қызылорда облысының өнер күндері «Жәмилә» спектаклімен ашылды

09.12.2023

232

0

jamila_dramasy

Бүгін Астанада Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері өтуде.

Өнер мерекесі Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры Астана қалалық Жастар театрында Ш.Айтматовтың «Жәмилә» драмасымен ашылды.Ш.Айтматовтың бұл драмасында адамзат өміріндегі қалыптасқан дәстүр мен өз тағдыр тақтасындағы таңдауға қарсы тұрған жас әйелдің нәубетке толы махаббаты бейнеленеді. Жәмиләнің өміріндегі басты сынақ та осы махаббат болатын.Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртістері сахналаған қойылымды облыстың зиялы қауым өкілдері бастаған мәртебелі меймандар мен елордалық тұрғындар тамашалады.Ертең мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің 125 жылдығы аясында Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклі сахналанбақ.

Бұл спектакль кеңестік заманның бұлғақты кезеңінде халық ағарту комиссары қызметінде жүріп, ұлттың рухын оятуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің қилы тағдыры жайында баяндайды.

Мұнан бөлек, Елорда төрінде «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрмесі қойылады. Көрме Сыр өңірінің тарихын баяндайтын 3 бөлімнен тұрады. Ежелгі сақ дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін аймақтың әлеуметтік-мәдени дамуы мен жетістіктерін суреттейтін көрмеде Сығанақ қалашығынан (Х-ХҮІІІ ғғ.) табылған бірегей археологиялық жәдігерлер (алтын жапсырмалар, әшекей бұйымдар, баламасы жоқ керамикалық бұйымдар т.б.) және биылғы жылы еліміздің тарихына үлкен ғылыми жаңалық болып енетін «Шірік-Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы» реконструкциялары алғаш рет қойылады.

Сыр өңірінің өнер күндері Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан Ару Астанаға» атты Қызылорда облысының өнер шеберлерінің гала концертімен қорытындыланбақ.

Дереккөз: syrboyi.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика