Дүйсенбі, 02 маусым, 11:03

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жұмысшы мамандықтар жылына орай марафон өтті

20.05.2025

60

0

marafon 79b4344fff
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын.

Осыған орай, бүгін облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында білім саласы қызметкерлері сондай-ақ, қарапайым жұмысшылар арасында жүгіруден марафон өтті.

Марафон 5.jpg

Бұл марафонның негізгі мақсаты – өңірде бұқаралық спортпен шұғылданушылардың санын арттырып, қарапайым еңбек адамдарының спортқа қызығушылығын арттыру.

Аталған жарысқа барлығы 170-ке жуық адам қатысты. Жүйріктер жарысы шаһардың сол жағалауында ұйымдастырылып, қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Мәре сызығын алғаш болып кесіп өткендерге арнайы алғыс хат пен медальдар табысталды.

Жарыс нәтижесі бойынша қыздар арасында:

  • І орын – Рашида Сарбасова (20 минут 23 секунд)
  • ІІ орын – Ирина Юнкинг (22 минут, 13 секунд)
  • ІІІ орын – Ақтолқын Жанболатова (22 минут, 30 секунд)
Марафон 2.jpg

Ерлер арасында:

  • І орын – Данияр Абляхатов (16 минут, 15 секунд)
  • ІІ орын – Данияр Оразбеков (17 минут, 25 секунд)
  • ІІІ орын – Талант Тілеуов (18 минут, 49 секунд)
Марафон 3.jpg
Марафон 4.jpg

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика