Сейсенбі, 14 қазан, 04:31

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңа стадион құрылысына үлес қосқан азаматтар марапатталды

07.10.2025

175

0

559355305 1105737461747497 8065624109739615885 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сол жағалауда бой көтерген 11 мың орындық заманауи стадионың құрылысына атсалысқан, нысанның сапалы салынуына үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.

558866015 1105737408414169 7496220335329772418 n

«Президентіміздің қолдауымен салынған Қызылорда қаласындағы 11 мың орындық заманауи стадионымыз 4 қазан күні Қазақстан кубогының финалдық ойынымен салтанатты түрде ашылды. Тәуелсіздік жылдарында пайдалануға берілген еліміздегі үшінші стадион УЕФА-ның ІV санатты сертификатын алғанын ерекше мақтанышпен атап өтуіміз қажет. Айтулы шараға Туризм және спорт министрі, Парламент депутаттары, Қазақстан футбол федерациясының басшылық құрамы, қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, қадірлі қонақтарымыз арнайы келіп қатысты. Жұртшылық жаңа нысанға жоғары баға беруде.

Негізі стадион құрылысы 3 жылға жоспарланған болатын. Мердігер мекеме өз жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, небәрі бір жарым жылдың ішінде, яғни белгіленген мерзімнен ерте әрі жоғары сапалы етіп салып бітірді.

Құрылысты мерзімінен бұрын аяқтаған мердігер компания басшысы Қозбақов Исламғали Айтуарұлына, компания ұжымына барша Сыр жұртшылығының атынан алғысымызды білдіреміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында Исламғали Қозыбақов «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Облыстық құрылыc, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Туралиевке, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаевқа, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Садық Мұстафаевқа облыс әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаты табысталды.

559656765 1105737495080827 5413905187287875877 n
560150413 1105737458414164 4934563097034186811 n
557774652 1105737485080828 2488141074031481148 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика