Бейсенбі, 29 қаңтар, 08:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Виктор Мозес: «Қайсарды» таңдауыма алға қойған мақсаты әсер етті

26.01.2026

44

0

db4a290c 1cb8 4335 b835 e1862b0bb109
Фото: Нұрболат Нұржаубай

«Қайсар» футбол клубы тәжірибелі нигериялық жартылай қорғаушы Виктор Мозесті өз құрамына қосты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Қызылордалық команда 35 жастағы футболшымен ресми түрде келісімшартқа отырды. Виктор Мозес “Қайсар” сапында  11-нөмірмен ойнайды.

Виктор Мозес кәсіби жолын Англия Чемпионшипінде «Кристал Пэлас» клубында бастады. Ол жоғарғы деңгейде ойын өрнегін көрсетіп, «Уиган Атлетик” сапына ауысты. Ал 2010 жылы Англия Премьер-лигасында алғаш рет алаңға шықты.

2012 жылы лондондық «Челси» Мозесті өз қатарына қосып, онымен келісімшартқа отырды.

«Челсидегі» алғашқы маусымында барлығы 10 гол соғып, жоғарғы деңгейде ойнады. Алайда оны клуб соңғы жылдары «Ливерпуль», «Сток Сити» және «Вест Хэм Юнайтед» клубтарына жалға берді.

2016–2017 маусымында «Челсиге» қайта оралып, клубтың Англия Премьер-лигасында топ жаруына зор септігін тигізді. Футболшы сол маусымда 34 матч өткізді. Кейін Мозес «Фенербахче», «Интер» (Милан) және Мәскеудің «Спартак» клубтарында доп тепті.

Клубтық мансабы барысында Мозес жалпы саны 495 матчқа қатысып, 62 гол соғып, 47 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ ол Нигерия ұлттық құрамасы сапында 38 ойын өткізіп, 12 голдың авторы атанып, 5 нәтижелі пас берген.

617b17de 6a76 40f2 a1a4 a1c457636d54
61c3aad9 3c15 4ccd b7c5 f5f8bfd1353c
eb2ce441 bcb4 40a4 acf6 042a425f9c95

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика