Бейсенбі, 26 наурыз, 13:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Велоспорттан Қазақстан Республикасының кубогі басталды

25.03.2026

7

0

658898241 963658249434727 7151643134630543126 n

“Евразия” спорт кешенінде велоспорттан Қазақстан Республикасы Кубогінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы.

Жарыс бағдарламасына ерлер арасында көпкүндік дода, әйелдер арасында жекелей жарыс, сондай-ақ юниор ұлдар арасында «Критериум» бағдарламасы енгізілген.

Салтанатты шараға облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бөлім басшысы Сағидат Бертай, Қызылорда облысының велоспорт федерациясының президенті Рахат Ілияс, жарыстың бас төрешісі Алла Василенкова және спорт саласының ардагерлері қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ашылу салтанатында велоспорттан ҚР спорт шебері атағын алған жас спортшылар марапатталды.

657676179 963658332768052 2704280308374050388 n

Аталған жарысқа алғаш рет Әзірбайжан мемлекеті, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің өзге де өңірлерінен келген жалпы саны 12 команда қатысады. Спортшылар бірнеше күн бойы тас жолда өзара бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетпек.

Бұл жарыс аймақта велоспортты дамытуға және жас спортшылардың өзара тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік болмақ.

657683301 963658156101403 5498221077177720616 n
658907821 963658336101385 6344633939736074700 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика