Сейсенбі, 14 қазан, 04:31

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Тобыл» – кубок иегері

05.10.2025

106

0

557440439 1103383701982873 7798380566172430035 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорданың сол жағалауында 11 мың орындық жаңа стадион ашылып, футболдан Қазақстан Республикасы Кубогының финалдық ойыны өтті.

Оған ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров, Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов,Жарқынбек Амантай зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Финалдық кездесуде Шымкенттің «Ордабасы» және Қостанайдың «Тобыл» командалары бақ сынасты. Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті. Бірінші таймда «Тобыл» командасы қарсылас қақпасына екі дәл соққы жасап, 2:0 есебімен алға шықты. Бірінші голды Николай Сигневич, ал екінші голды Ислам Чесноков салды.

Жаңа стадион ауласында жанкүйерлерге үлкен LED экран қойылып, ойынды қолайлы жағдайда тамашалауға мүмкіндік жасалған.

Айта кетейік, бұл финал «Ордабасы» мен «Тобыл» үшін бесінші шешуші бәсеке болды. Екі клуб та осыған дейін екі рет жеңіске жетіп, екі мәрте финалда ұтылған. Қазақстан Кубогы тарихында қос ұжым бес мәрте кездескен, оның үшеуінде қостанайлықтар, екеуінде шымкенттіктер басым түскен. Бұған дейін финалда үш рет жолығып, екі рет «Тобыл», бір рет «Ордабасы» кубок иегері атанған. Бүгін олардың төртінші финалдық кездесуі болды.

Осылайша, қостанайлық «Тобыл» командасы қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды. Жанкүйерлер командаға қошемет көрсетіп, жаңа стадиондағы алғашқы финалдық матч тарихта қалатын ерекше сәт болды.

Жеңімпаз «Тобыл» командасын облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров марапаттап, кубок пен медальдарды табыс етті.

558319803 1103383491982894 4645296017144006194 n
557447171 1103383621982881 1673004024096561167 n
558573375 1103383591982884 1268918243910653218 n
558981000 1103383725316204 6426164829293146737 n
557049938 1103383578649552 7543799868943296882 n
559005333 1103383495316227 3561149170368144847 n
558891814 1103383678649542 6308033115460543901 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика