Сәрсенбі, 18 маусым, 01:16

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сырбойылықтар Азия чемпиондарын салтанатпен қарсы алды

17.06.2025

14

0

syrbojyly tar aziya chempiondaryn saltanatpen arsy aldy 6405a4e6cd
Фото: Сыр спорты

Жақында Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы тарихи жеңіскеқол жеткізді. Бұл жеңіс — еліміздің осы спорт түріндегі алғашқы және ең айтулы жетістік болды. Ел намысын абыроймен қорғаған ұлттық құрамда Сыр өңірінің мақтаныштары — Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Ерасыл Әбдібек және Асылхан Амидолла жарыс барысында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіске сүбелі үлес қосты.

Осыған орай, бүгін Сыр елінің спорт сүйер қауымы чемпиондарды «Қорқыт ата» әуежайынан зор қошеметпен қарсы алды. Сыр мақтаныштарына гүл шоқтарын табыстап, қазақтың дәстүріне сай шашу шашып, өздерінің ізгі тілегін жеткізді.

Салтанатты күтіп алу рәсіміне Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы арнайы келіп, чемпиондарға өңір халқы атынан жүрекжарды алғысын білдіріп, айтулы жеңіспен құттықтады.

Сондай-ақ, өңірде дәл осы спорт түрі қарқын дамып келе жатқандығын атап өтіп, алда өтетін әлемдік жарыстарда да жоғары нәтиже көрсететіндеріне сенім білдірді.

Айта кетейік, Азия чемпионатында үздік ойын өрнегін көрсеткен жерлестеріміз Эрик Қасқабаев – үздік доп беруші, Шыңғыс Медеуов – үздік либеро атанды.

Ендігі кезекте Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына өнер көрсетеді.

Сырбойылық чемпиондар енді тек Азияны ғана емес, әлемдік додаларды да бағындыра деп сенеміз. Жеңісті күндер жалғасын таба берсін!

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика