Қызылорда қаласының ғасырлық мерейтойы мен Республика күні қарсаңында Сыр спортшылары тарихи жетістікке қол жеткізуде.
Жуырда Мысыр елінің астанасы Каир қаласында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында пара пауэрлифтингтен биылғы жылдың ең басты бәсекесі Әлем чемпионаты өткен болатын. Тартысты додада Сыр елінің мақтанышы Фариза Төлжан ересек әйелдер арасында 50 кг салмақ дәрежесінде үш тәсілдің қорытындысы бойынша 285 кг нәтижемен Әлем чемпионы атанды.
Осыған орай бүгін сырбойылық жанкүйерлер чемпионымыз Фариза Төлжанды «Қорқыт ата» әуежайынан сән-салтанатымен қарсы алды.
Салтанатты шараға жас спортшылар, жаттықтырушылар, спорт саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Өз кезегінде батыр қызымыз Фариза Төлжан қолдау білдірген барша сырбойылықтарға алғыс білдіріп, алдағы дүбірлі додаларда ел намысын абыроймен қорғауға сенім білдірді.
Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, батыр қызымызға сәттілік тіледі.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы