Жексенбі, 13 сәуiр, 03:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр жұртшылығы Нұрсұлтан Алтынбекті құрметпен күтіп алды

08.04.2025

42

0

489002747 694224943044727 1646569996958357310 n
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Бразилия елінде бокстан өткен World Boxing Әлем Кубогында көк туымызды көкке көтеріп, ел қоржынына алтыннан олжа салып, жеңіске жеткен жерлесіміз Нұрсұлтан Алтынбекті бүгін сырбойылықтар салтанатты түрде әуежайдан қарсы алды.

55 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Нұрсұлтан Алтынбек дүниежүзін мойындатқан боксшылармен қолғап түйістіріп, өз мықтылығын баршаға мойындатты. Осылайша батыр ұлымыз Әлем Кубогының жеңімпазы атанды.

Күтіп алу шарасында Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы сырбойылық спортшыны теңдессіз жетістігімен құттықтап, қомақты қаржылай сертификат табыстады.

Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасары алдағы байрақты бәсекелерде жеңісті жолын жалғап, Олимпиада чемпионы болуға үлкен сенім білдірді.

Өз кезегінде мақтанышымыз Нұрсұлтан Алтынбек және оның жаттықтырушысы Жәміл Жүсіп қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге өз алғысын жеткізді.

Шара соңында жас ақын Динар Рахман арнау айтты. Ал қызылордалық жанкүйерлер чемпионмен естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді.

Нұрсұлтан Алтынбек
Сыр жұртшылығы Нұрсұлтан Алтынбекті құрметпен күтіп алды
nursultan altynbek01

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика