Сенбі, 21 наурыз, 13:54

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр өңірінде Ұлттық спорт күні аталып өтті

20.03.2026

11

0

655114399 1234217282232847 2993330186735803909 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін – Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық спорт күні. Осыған орай облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы ипподромда кең көлемді мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда 30 мыңнан астам қызылордалық ұлттық спорттың 10 түрімен тұрақты айналысады. Сыр спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Олардың қатарында қазақ күресінен Мақсат Исағабылов, Нұрым Сәлімгереев, Еңбек Сақтағанов, Руслан Теміржан, тоғызқұмалақтан Бексұлтан Бостандықов, алыш күресінен Назерке Әбілтаева, көкпардан Әлем чемпионатына қатысқан Медетбек Балғынбек бар.

Іс-шарада спорт ардагерлері мен қала тұрғындары концерттік бағдарламаны тамашалап, ұлттық ойындарға белсенді қатысты. Атап айтқанда, арқан тартыс, қазақ күресі, садақ ату, қол күресі, асық ату, ләңгі тебу, теңге ілу, тоғызқұмалақ және аударыспақ жарыстары ұйымдастырылып, 400-ге жуық спортшы бақ сынады.

654436993 1234217312232844 5040637809824214440 n
655235460 1234217452232830 2733986298662000913 n
655746443 1234217458899496 6667987781022345073 n
654944185 1234217278899514 5334362563780018355 n
652550035 1234217415566167 4633093777983679883 n
652647929 1234217352232840 1919157285380316694 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика