Жұма, 15 тамыз, 23:25

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр елінде зілтемішілер арасындағы республикалық дода басталды

06.08.2025

212

0

528829019 2358640864531412 246102347754858021 n
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Бүгін Сыр өңірінде ҚР Еңбек сіңірген көрнекті жаттықтырушы, талай спортшының бағын жаққан білікті бапкер Пак Велорий Викторовичтің жүлдесіне арналған ересектер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Пак Велорий – аймақтың ғана емес, еліміздің спорт саласын қарқынды дамытуға сүбелі үлес қосқан біртуар азамат. Бүгінде құрметті ұстаздың шәкірттері әлемдік аренаның биік шыңдарын бағындырып, даңқты спортшыларға айналды. Олардың қатарында Алмас Өтешов, Илья Ильин, Қуаныш Рахатов, Шин Олег, Роман Русиновский, Александр Зайчиков бар. Сонымен қатар, білекті болаттай шыңдаған көрнекті жаттықтырушы 60-тан астам спорт шеберін, 12 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін және 3 ҚР еңбек сіңірген спорт шеберін дайындады.

Көрнекті жаттықтырушының жүлдесіне арналған республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен келген 10 команда, 100-ге жуық зілтемірші бақ сынаспақ. Олар ерлер және әйелдер бойынша 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Салтанатты шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы, құрметті жаттықтырушы Пак Велорий Викторович, облыстық ауыр атлетика федерациясының президенті Темірхан Бердәліұлы қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Сыр елінде зілтемішілер арасындағы республикалық дода басталды

– Киелі Сыр елінің тумасы, облысымыздың құрметті жаттықтырушысы Пак Велорий Викторович – талай жылдар бойы еліміздің спортына адал еңбек етіп, ауыр атлетика саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар азамат. Даңқты спортшыларды тәрбиелеген дара тұлғаның жүлдесіне арналған бүгінгі турнирдің маңызы да ерекше. Себебі әр аймақтан жиналған мықты зілтемішілер жарыс алаңында өз мүмкіндіктерін көрсетіп, жеңіске деген жігерін танытады. Осы орайда, барлық спортшыларға сәттілік тілей отырып, дүбірлі додада шын мықты жеңіске жетсін деп тілек білдіремін, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Сыр елінде зілтемішілер арасындағы республикалық дода басталды

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы құрметті жаттықтырушы Пак Велорий Викторовичке облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес арнайы Алғыс хаты табысталып, қазақтың дәстүріне сай құрмет көрсетті.

Өз кезегінде құрметті жаттықтырушы Пак Велорий Викторович турнирді жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан барша сырбойылық жанкүйерлерге, спортшыларға және сала қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

527848087 783061867494367 1803611588230517115 n

Сондай-ақ, облыстық ауыр атлетика федерациясының президенті Темірхан Бердәліұлы да құттықтау сөз сөйлеп, Пак Велорий Викторовичке федерация атынан құрмет көрсетті.

Айта кетейік, биылдан бастап аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының үлкен қолдауымен зілтемішілер арасындағы тартысты бәсеке алғаш рет өткізілуде. Сонымен қатар, аталмыш турнир осы жылдан бастап халықаралық деңгейдегі жарыстардың күнтізбелік жоспарына енгізіліп, өңір басшысының қолдауымен дәстүрлі түрде жыл сайын халықаралық деңгейде ұйымдастырылмақ.

Жарыс барысында үздік атанған қатысушыларға қомақты сыйақы мен арнайы медальдар табысталады. Ал турнир 13 тамызға дейін жалғасады.

Сыр елінде зілтемішілер арасындағы республикалық дода басталды
Сыр елінде зілтемішілер арасындағы республикалық дода басталды
Сыр елінде зілтемішілер арасындағы республикалық дода басталды

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика