Бейсенбі, 13 қараша, 20:12

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр елінде «Чемпиондық рух» жобасы өтті

12.11.2025

53

0

07d431ee ad56 4c6b 92f3 0e604ae517ac

«АMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы және №125 Қызылорда мектебінің ұйымдастыруымен «Чемпиондық рух» жобасы өтті.

Қызылорда қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған жобаның мақсаты – жастар арасында еңбек етіп, көк туымызды көкке көтеріп жүрген спортшыларымызды насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Республикалық шараға арнайы қонақ болып Сыр мақтаныштары 2025 жылғы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали, 2022 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов, пара пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында 2 дүркін Әлем чемпионы Снежанна Бойко, Пара пауэрлифтингтен әйелдер арасында Әлем чемпионы Фариза Төлжан келді.

Іс-шараны «АMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Баймұрза ашып, жобаның маңыздылығына тоқтап, арнайы келген қонақтарға алғысын білдірді. Мұнан соң ел мақтанышы Айдос Сұлтанғали сөз алып, республикалық жобаға шақырту алғанына ризашылығын білдіріп, жастар рухты, жігерлі, еңбекқор болу керектігін тілге тиек етті.

150 жастың қатысуымен өткен таңғы жаттығуды Мақсат Исағабылов бастап берді. Сол секілді Фариза Төлжан мен Снежанна Бойко да жастарды жаттығуға баулыды.

Айта кетейік, жастар таңғы жаттығудан соң чемпиондармен «Bir tolqynda» ашық диалог алаңын өткізді. Ел мақтаныштары өздерінің бастан өткерген қиын әрі қызықты сәттерімен бөлісіп, жастардың сауалдарына жауап берді. Кездесу соңында жастар чемпиондармен естелік суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.

76f59969 6582 4490 8b2e 721d6e66b764
1219ad0c 59d0 4e2a 8b1f d3cedbf598f3
70b680d4 b728 4320 870f e6fef9d33e7f

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика