Сенбі, 03 мамыр, 07:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр елінде «Бірлік марафоны» өтті

02.05.2025

16

0

Сыр елінде Бірлік марафоны өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сыр өңірінде «Бірлік марафоны» ұйымдастырылды. Татулық пен ынтымақты ту еткен жалпыхалықтық марафонға Қызылорда облысынан бөлек Ақмола, Абай облыстарының тұрғындары қатысып, барлығы 1000-ға жуық адам жарыс алаңына шықты.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бастамасымен өткен шараның негізгі мақсаты – ел бірлігін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру.

Марафон шаһардың сол жағалауында ұйымдастырылып, қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Бірлік марафоны 2.jpg
Бірлік марафоны 3.jpg

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика