Жұма, 18 қазан, 13:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлде алды

24.09.2024

71

0

Қызылордалық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қола жүлде алды
Фото: Instagram.com/wf_rk

Қызылордалық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанды.

81 келіге дейінгі салмақта Сәулебеков қоссайыста (154+190) 344 келі нәтижемен өнер көрсетті. Осы нәтиженің арқасында Ерасыл серпе көтеруде күміс, құрама сайыста қола медальді жеңіп алды.

Айта кетейік, қызылордалық спортшы 73 келі салмақта 17 жасқа дейінгілер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанды.

айдар2.jpeg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика