Қызылорда қаласының ғасырлық мерейтойына тамаша тарту!
Елордада ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шағын футболдан «Majilis Cup – 2025» республикалық турнирі өтті.
Төртінші мәрте ұйымдастырылған доп додасына еліміздің барлық өңірінен келген 20-ға жуық команда қатысты. Сол командалардың ішінен ерекше ойын өрнегін көрсеткен Қызылордалық «Ақмешіт» футбол командасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, бас жүлдені жеңіп алды!
Жарыс нәтижесі:
«Ақмешіт» командасы (Қызылорда) – І орын
«AsNews» командасы (Астана) – ІІ орын
KFF Media командасы (Астана) – ІІІ орын
Жерлестерімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы