Сенбі, 17 мамыр, 03:05

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада тоғызқұмалақтан ҚР командалық чемпионаты басталды

16.05.2025

20

0

yzylordada to yz mala tan r komandaly chempionaty bastaldy 4836b7122d
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы Х Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты басталды. Аталмыш чемпионаттың басты мақсаты – тоғызқұмалақты дамыту, жастар арасында танымал ету және еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыру. Зияткерлік спорт түрінен өтетін айтулы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 30-дан астам үздік спортшы қатысуда.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы, ҚР Тоғызқұмалақ спорт федерациясы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Әкім Хазіретәліұлы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Ұзаққалиұлы және тоғызқұмалақтан ҚР бас жаттықтырушысы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айнұр Әбсадыққызы қатысты.

Шарада алғашқы құттықтау сөз алған Жігер Оңдасынұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық ойынды дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде тоғызқұмалақ тек спорттық жарыс емес, сонымен қатар халқымыздың тарихи-мәдени құндылығын айшықтайтың маңызды сайыс екенін ерекше атап өтті.

— Бүгінде біздің облыста тоғызқұмалақпен 10 мыңға жуық спортшы тұрақты айналысады. Жыл сайын өтетін түрлі жарыстарда да біздің үздік спортшылар жүлделі орындарға ие болып, жоғары нәтиже көрсетуде. Осының арқасында жыл сайын тоғызқұмалақ спортына қызығушылық танытушылар айтарлықтай көбейіп келеді. Бүгінгі ой сайысы да жоғары деңгейде өтіп, шын мықтылар жеңіске жетсін деген тілек білдіремін, — деді басқарма басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, ҚР Тоғызқұмалақ спорт федерациясы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Әкім Хазіретәліұлы сөз алып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш жарыс 23 мамырға дейін жалғасып, командалар өзара мықтыны анықтамақ.

Қызылордада тоғызқұмалақтан ҚР командалық чемпионаты басталды 1.jpg

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика