Қызылорда облысында 2008 және одан кейінгі жылы туған жасөспірімдер арасында қол добынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз жалауын көтерді.
Тартысты додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 6 команда қатысуда. Тиісінше, жалпы саны 115-ке жуық жас спортшы чемпион атану жолында өзара бақ сынамақ.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы Айекешов, Қазақстан гандбол федерациясының вице-президенті Садық Мұстафа, сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ким Вячеслав қатысты.
Ашылу барысында құттықтау сөз сөйлеген басқарма басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы спортшыларға сәттілік тілеп, дүбірлі доданың жоғары деңгейде және тартысты өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, осындай жарыстардың жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және достық байланысты нығайтуға өз септігін тигізетінін атап өтті.
Сондай-ақ, шарада құрметті қонақтар да құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы командаларға жеңіс тіледі.
Чемпионат алты күнге созылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медаль және алғыс хаттармен марапатталады.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы