Сәрсенбі, 04 наурыз, 10:20

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада Инклюзивті спорт орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті

12.01.2026

97

0

615334691 1180467684274474 1880371799893785178 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаеваның қатысуымен Инклюзивті спорт орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Рәсімде аймақ басшысы салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын атап өтіп, жиналған қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркістан» газетінде жарық көрген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында: «Қазақстан жаңғыру жолында қарышты қадам басып, барынша өркениетті ел бола бастады. Қоғамда өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін түбегейлі өзгеріс жасау аса маңызды екені туралы нақты түсінік қалыптасты»,- деп атап өтті.

Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің бекем бірлігінің арқасында байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар іске асырылуда.

Міне, бүгін Өздеріңізбен бірге «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынған ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған Инклюзивті спорт орталығын ел игілігіне табыстаймыз. Жобаны іске асыруға 2 млрд. 900 млн. теңге бөлінді.

Мұнда спортшыларымызға арналған волейбол, күрес, жалпы дене дайындығын жасауға арналған залдар қарастырылған. Бір мезетте 131 адамның спортпен жүйелі шұғылдануына мүмкіндік жасалған.

Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін Ләззат Алтынбекқызы басқаратын «Қазақстан халқына» қоры ұжымына Сыр жұртшылығының атынан шынайы ризашылығымызды, зор алғысымызды білдіреміз», – деді Н.Нәлібаев.

614388080 1180467797607796 4694950549693178125 n

Басқосуда саланың дамуына елеулі үлес қосқан спортшылар мен инклюзивті спорт орталығын сапалы етіп салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ләззат Шыңғысбаева, Наурызбай Байқадамов пен Мұрат Әбенов сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.

Айта кету керек, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тығыз әріптестік байланыс орнатылғанның арқасында өңірімізде бірлескен жобалар жүзеге асып келеді. Қор 12 млрд. 851 млн. теңге қаржыны маңызды әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсетуге бағыттады.

Білім беру саласына, ауыл мектептерінің материалдық базасын нығайтуға 5 млрд. теңгеден астам қаржы қаралды. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында 5 млрд. теңгенің жобалары іске асырылуда.

Спорт инфрақұрылымын дамытуға бөлінген 2 млрд. 728 млн. теңгеге былтыр Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері салынып, пайдалануға берілді. Сырдария, Қармақшы аудандарындағы спорт нысандары жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Тағы 6 спорт кешенінің базасын нығайту жоспарланған.

Тұрғындардың бұқаралық, кәсіби спортпен айналысуына барлық мүмкіндік қарастырылған. Өңірде кәсіпкерлер демеушілігімен, ұлттық компаниялар және спорт федерацияларының қолдауымен жүзеге асқан маңызды жобалар бар.

2022 жылдан бері 23 спорт нысаны, атап айтқанда Орталық стадион, Теннис, Инклюзивті спорт орталықтары, 20 спорт кешені салынды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерде тағы 4 спорт кешені ел игілігіне табысталады. Аймақта алғаш рет ерлер мен әйелдерге арналған «Қызылорда бокс клубы» жұмысын бастады. Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы мен Жалағаш ауданының орталық стадионы күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілді.

Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 1 млрд. 600 млн. теңгеге 80 спорт-ойын алаңы салынды.

Облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі — аумағы 25 мың шаршы метрлік «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешені. Бұл нысанда олимпиадалық стандарттарға сай 50 метрлік бассейн, Азия, Әлем чемпионаттарын өткізуге арналған 2 500 орындық зал, олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары болады.

614756926 1180467820941127 4006489769481417796 n
615556500 1180467810941128 1487816848832501223 n
615034220 1180467650941144 8334857261339375347 n
615165477 1180467760941133 9074089275110193541 n
614798295 1180467537607822 5750255790614302427 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика