Биылғы жылдың 18-21 тамыз күндері аралығында Қызылорда қаласында 50 жастан асқан ардагерлер арасында облыстық спартакиада өтті.
Облыстық спартакиада спорттың 6 түрінен, атап айтар болсақ шағын футбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және қазақ күресінен өтті.
Спорттық шараның негізгі мақсаты бұқаралық спортты арттыру, ұлттық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, қыркүйек айында Орал қаласында өтетін республикалық спартакиадаға облыс құрама командасының іріктеу және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қаңтардағы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын жүзеге асыру болып табылады.
Жоғарыда аталған спартакиадада жерлестеріміз жеңімпаз және жүлделі орындардан көрінді. Қазақ күресінен 74 кг салмақ дәрежесінде Ерманов Асқар жүлделі ІІІ орын иеленсе, 90 кг салмақта Таубаев Мұханбетқали жеңімпаз атанып қыркүйек айында Орал қаласында өтетін республикалық спартакиадаға облыс құрама командасында өнер көрсетеді. Ал үстел теннисінен еркектер арасында Шынжырбаев Садуакас жүлделі ІІ орын иеленсе, әйелдер арасында Каракулова Асылзат ІІІ орында көрінді.
Шахмат спорт түрі бойынша Ибрашов Едіге жүлделі ІІІ орын иеленді.