Сейсенбі, 14 қазан, 04:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ҚХА 30 жылдығына арналған “Достық live” турнирі өтті

06.10.2025

144

0

558456252 4199019807083834 3809230073537351523 n b60665f112

Қызылорда қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі «ДОСТЫҚ LIVE» шағын футбол турнирі өтті.

558697313_4199017433750738_6943493073538737708_n.jpg

Шараның басты мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы достық байланыстарды нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу және қоғамдағы бірлік пен келісім құндылықтарын насихаттау болды.

Биылғы турнирге бес команда қатысты:

• облыстық «Qyzylorda» телеарнасы;

• қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасы;

• «Сыр медиа» командасы;

• «Меншікті тілшілер» командасы;

• Қоғамдық даму басқармасы командасы.

Футбол алаңында өткен тартысты кездесулер барысында қатысушылар өз шеберліктерін, ұйымшылдығын және спортқа деген сүйіспеншілігін көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігер мен достық рухын жоғары ұстады.

Турнир қорытындысы бойынша:

I орын – облыстық «Qyzylorda» телеарнасы командасы (сыйақы – 200 000 теңге);

II орын – «Меншікті тілшілер» командасы (150 000 теңге);

III орын – қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасы командасы (80 000 теңге);

ал IV орын – Қоғамдық даму басқармасы командасына (40 000 теңге) бұйырды.

Жеке номинациялар бойынша да үздіктер анықталды:

«Үздік шабуылшы» – «Сыр медиа» командасының ойыншысы Нұрлан Дауылбаев (10 000 теңге);

«Үздік қақпашы» – «Сыр медиа» командасының қақпашысы Бағлан Айғали (10 000 теңге).

Барлық жеңімпаздарға дипломдар, ақшалай сертификаттар, медальдар және «Достық кубогі» табысталды.

557233472_4199017387084076_3480191527586988176_n.jpg

Марапаттау рәсімінде ҚХА хатшылығы – этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімнің басшысы Ерлан Сисенбиев, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов және ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Елена Рыбина сөз сөйлеп, турнир қатысушыларын құттықтады. Олар өз сөздерінде бұл шараның қоғамдағы бірлік пен достықты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

 «Ел Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы ақпараттық саясаттың басты бағыттарының бірі ретінде қоғамда бірлік пен келісім құндылықтарын дәріптеу қажеттігін атап өткен болатын. Осы маңызды міндетті жүзеге асыру жолында Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының еңбегі айрықша. Бұл турнир – сол игі істің нақты көрінісі», – деді Ерлан Сисенбиев.

Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика