Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 11:18

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қайсар» маусымды өз алаңында екі ойынмен бастайды

07.03.2026

13

0

img 20260306 wa 0097 50e14a770a
Фото: Бағдат Есжанов

7 және 8 наурызда Премьер-Лига командалары бірінші турдың сегіз матчымен футболдан Қазақстан чемпионатын бастайды.

Қызылорданың «Қайсар» клубы футбол маусымын өз алаңында елордалық «Жеңіс» және «Астана» ойындарымен ашады.

Бірінші турда: 7 наурыз (сенбі) күні – «Оқжетпес» (Көкшетау) — «Елімай» (Семей), «Алтай» (Өскемен) — «Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» — «Тобыл» (Қостанай), «Ордабасы» (Шымкент) — «Ертіс» (Павлодар), 8 наурыз (жексенбі) күні — «Қайсар» — «Жеңіс», «Қызылжар» (Петропавл) — «Каспий» (Ақтау), «Атырау» — «Ұлытау» (Жезқазған) және «Астана» — «Жетісу» (Талдықорған) кездеседі.

qajsar
Фото: instagram.com/fckaysar_official

Екінші тур матчтары 16-17 наурызға жоспарланған.

«Қайсардың»сапында келесі ойыншылар өнер көрсетеді – қақпашылар: № 1 Нұрымжан Салайдин, №16 Айқын Әжіхан, №40 Адам Ковач (Словакия); қорғаушылар: №3 Абылайхан Төлегенов, №5 Әділет Кеңесбек, №12 Сағи Совет, №15 Нияз Ыдырысов, № 51 Әмір Мұхаммед (Ресей), № 82 Ринат Ақберген, №93 Сұлтан Асқаров; жартылай қорғаушылар: № 6 Ерсұлтан Қалдыбеков, № 8 Айбол Әбикен, №10 Думан Нарзилдаев, № 11 Виктор Мозес, № 14 Томас Джонс (Чили), № 17 Саламат Жұмабеков, №21 Никола Цуцкич (Сербия), №21 Димаш Серікұлы, №23 Мүслім Жұмат, № 47 Бақдәулет Көнілімқос; шабуылшылар: № 7 Батырхан Тәжібай, №9 Нұрдәулет Ағзамбаев, №18 Дінмұхаммед Рүстемұлы, №19 Әлімжан Ерден, № 19 Әлияр Мұхамед. 

Команданың бас жаттықтырушысы — Андрей Ферапонтов. «Қайсар» — «Жеңіс» ойыны сағат 16:00-де KAYSAR ARENA стадионында өтеді.

Айдос АБСАТ

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика