Сейсенбі, 14 қазан, 04:21

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мәнерлеп сырғанау: Жерлесіміз Артур Смағұлов халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

07.10.2025

169

0

561380216 831376492662904 5636484417947944413 n
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Сыр спорты тағы бір қуанышты жаңалықпен толықты. Алматы қаласында 1-4 қазан күндері Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы және “Денис Тен” қорының ұйымдастыруымен мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.

Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған “Denis Ten Memorial Challenge” бәсекесінде қызылордалық талантты спортшы Артур Смағұлов үздік өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды

Жалпы дәстүрге жалғасқан биылғы додаға 18 елдің үздік спортшылары бақ сынады. Олардың қатарында Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Канада, Қытай, Финляндия, Грузия, Италия, Оңтүстік Корея, Швеция, АҚШ, Эстония, Испания және Германиядан келген мәнерлеп сырғанаушылар бар.

Халықаралық деңгейдегі жарыста көк Туымызды желбіретіп, ел намысын абыроймен қорғаған Артур Смағұловты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика