Ұлттық мереке – Республика күніне орай Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуы және «Қала күні» мерекесіне арналған «Чемпионмен бірге жүгір» атты жеңіл атлетикалық кіші марафоны өтті.
Марафонға қатысушыларды қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов айтулы мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Марафонды бокстан Əлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен қола жүлдегер Тұрсынбай Құлахмет бастап, іс-шараға ерекше серпін берді.
«Эдельвейс» жағажайынан «Болашақ» университеті ғимаратына дейінгі аралықты қамтыған жеңіл атлетикалық кіші марафонына 100-ге жуық марафоншы қатысып, 5 шақырымдық қашықтықты бағындырды.
Барлық қатысушыларға арнайы әзірленген медальдар табысталды. Айта кету керек, марафонға қатысушылардың ең үлкені – 50+ жас болса, ал ең кішісі 15 жаста.








