Дүйсенбі, 02 маусым, 09:52

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Бокс: Зарина Толыбай – Азия чемпионы

22.05.2025

58

0

Зарина Толыбай Азия чемпионы
Фото: Сыр спорты

Шри-Ланканың Коломбо қаласынан сүйінші жаңалық! Батыр қызымыз, жерлесіміз Зарина Толыбай бокстан 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, көк туымызды көкке көтерді, деп хабарлады Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы.

75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы финалдық кездесуде Қырғызстан спортшысымен кездесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Азияның үздігі атанды.

– Бұл – тек спорттық жеңіс емес, бұл – намыстың, табандылықтың, қажыр-қайраттың жеңісі! Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі қыздар арасында барлық қазақ боксшысы, яғни 12 қыз чемпион атанды. Жаттықтырушы – Руслан Жолбарысов. Жеңіс құтты болсын, – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика