Сенбі, 21 маусым, 15:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Басқарма басшысы пара волейболдан өткен Азия чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады

19.06.2025

43

0

bas arma basshysy para volejboldan tken aziya chempionatyny zhe impazdaryn abyldady 0d7b1de34d
Фото: Сыр спорты

Жуырда Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет жеңімпаз атанған болатын. Бұл жетістік – еліміздің спорт саласы үшін тарихи оқиға болды. Себебі ұлттық құрама өкілдері алғаш рет Азия чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды көкке көтерді.

Осыған орай, бүгін облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев ұлттық құрама сапындағы Сыр өңірінің мақтаныштары Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Ерасыл Әбдібек және Асылхан Амидолланы арнайы қабылдады. Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы хабарлады.

Кездесу барысында басқарма басшысы чемпиондарға өз ризашылығын білдіріп, жеңіске жету жолындағы табанды еңбектеріне жоғары бағасын берді.

Сондай-ақ, жиында Бахтияр Ғарифоллаұлы сырбойылық спортшылардың әлемдік жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуі үшін жүйелі жұмыс жасалып жатқандығын жеткізді.

Өз кезегінде басқарма басшысы спортшыларымызға қаржылай сертификат табыстап, алдағы халықаралық жарыстарға сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика