Қызылордалық 17 жастағы Аянат Жұмағали Катарда ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жасөспірімдер және жастар арасында жарысқа қатысып, қоржынымызға қос алтын салды.
Аянат биыл жазда жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында да топ жарған болатын. Бұған қоса, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионына қатысып, жеңімпаз атанды.
Сыр мақтанышын жеңісімен құттықтаймыз!
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы